Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұқан халықаралық рейтингтік турнирде қола жүлдегер атанды.

    25 ақпан мен 1 наурыз аралығында Албания астанасы Тирана қаласында өткен беделді жарыста отандасымыз 97 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қола жүлде үшін белдесуде ол Үндістан өкілі Джойнти Куамарды небәрі 23 секундтың ішінде 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Ал жартылай финалда Ризабек әлемнің мықты балуандарының бірі, ресейлік Абдулрашид Садулаевқа жол берді. Белдесу 14:3 есебімен қарсылас пайдасына шешілді.

Айта кетейік, бұл рейтингтік турнир – әлемнің үздік балуандары жиналатын ең беделді жарыстардың бірі. Дода барысында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша жалпы саны 30 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Молдаханұлы Досымжан


Ұқсас тақырыптар

Молдаханұлы Досымжан
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)