Қазақстанда үлкен теннис соңғы жылдары қарқынды дамып, жанкүйерлер саны артып келеді. Бұл спорт елімізде 1950-жылдардан бастап дамыды. Алғашқы теннис корттары Алматы, Қарағанды және Өскемен қалаларында салынып, спорт секциялары ашылды. Сол кезеңде Қазақстан КСРО құрамында болғандықтан, оқу-жаттығу үдерісі кеңестік спорт жүйесі бойынша жүргізілді.
2007 жылдан бері қазақстандық теннис жаңа даму кезеңіне өтті. Елдің көптеген өңірінде заманауи теннис орталықтары ашылып, халықаралық талаптарға сай корттар саны көбейді. Қазақстанда ATP, ITF, Davis Cup және Billie Jean King Cup аясындағы халықаралық жарыстар тұрақты өткізіліп келеді. 2026 жылғы Almaty Open турнирі 17–25 қазан аралығында Алматыда өтеді.
Қазақстанның әлемдік теннистегі жетістіктеріне Елена Рыбакина, Александр Бублик, Юлия Путинцева және Тимофей Скатов зор үлес қосып жүр. Елена Рыбакина 2022 жылы Wimbledon турнирінің чемпионы атанса, Александр Бублик ATP турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы атанып, әлемдік рейтингтің үздік теннисшілері қатарына енді. Бұл жетістіктер Қазақстанда теннистің бұқаралық әрі кәсіби спорт ретінде дамуына серпін беріп, жас спортшылардың қызығушылығын арттыруда.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Сауытбек Альмира

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі