Музыкалық есту қабілеті: генетика ма, әлде тәжірибе ме?

    Музыкалық есту қабілетінің тұқым қуалайтыны немесе кейін қалыптасатыны – ғылымда әлі де зерттеліп жатқан өзекті мәселе. Кейбіреулер музыкалық талант ұрпақтан-ұрпаққа беріледі десе, енді бірі оны үздіксіз жаттығу мен тәжірибе арқылы дамытуға болады деп есептейді.

Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, музыкалық қабілеттің шамамен 40–50%-ы генетикалық бейімділікке, ал қалған бөлігі қоршаған ортаға, білімге және тәжірибеге байланысты. Яғни гендер адамның дыбысты қабылдау ерекшелігіне әсер еткенімен, музыкалық шеберлікті толық анықтамайды.

2025 жылы Швецияда 9 169 егіздің қатысуымен жүргізілген зерттеу музыкалық дыбыстың биіктігін ажырату қабілетінің 71–80%-ы тұқым қуалаушылықпен байланысты екенін көрсетті. Сондай-ақ зерттеушілер AVPR1Aжәне SLC6A4 сияқты гендердің музыканы қабылдау мен есте сақтауға ықпал етуі мүмкін екенін анықтаған. Алайда ғалымдар «музыкалық ген» деп аталатын бір ғана геннің жоқ екенін айтады. Музыкалық қабілет көптеген гендердің, жүйелі жаттығудың және қолайлы ортаның бірлескен ықпалымен қалыптасады.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Сауытбек Альмира


Ұқсас тақырыптар

Сауытбек Альмира
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)