
Мектеп формасы – бүгінгі білім беру жүйесіндегі жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Кейбіреулер оны тәртіп пен теңдіктің символы деп есептесе, енді біреулер оқушының жеке еркіндігін шектейді деп санайды. Бұл пікірлердің әрқайсысының өзіндік негізі бар.
Негізінен, барлық жалпы білім беретін мектептерде міндетті талаптардың бірі бірыңғай мектеп формасын кию болып табылады. Бұл шешім ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы бойынша қабылданды.
Бір жағынан, мектеп формасының артықшылықтары айқын. Ең алдымен, ол оқушылар арасындағы әлеуметтік айырмашылықты азайтады. Барлығы бірдей киім киген кезде, қымбат бренд киім мен қарапайым киім арасындағы айырмашылық көзге түспейді. Бұл әсіресе жасөспірімдер арасында салыстыру мен психологиялық қысымды азайтады. Сонымен қатар, форма оқушыны тәртіпке, ұқыптылыққа және мектеп ережесін сақтауға үйретеді. Мысалы, көптеген мектептерде форма енгізілгеннен кейін сабаққа кешігу мен сыртқы келбетке байланысты ескертулер азайғаны байқалады.
Екінші жағынан, мектеп формасына қарсы пікірлер де негізсіз емес. Біріншіден, ол оқушылардың өзіндік стилін және жеке ерекшелігін көрсету мүмкіндігін шектейді. Жасөспірім кезеңде адамның өзін танытуы маңызды болғандықтан, киім арқылы ойын білдіру де тұлғалық дамудың бір бөлігі. Екіншіден, кейбір ата-аналар үшін арнайы форма сатып алу қосымша қаржылық шығын тудырады. Әсіресе форма жиі ауыстырылса немесе қымбат болса, бұл отбасы бюджетіне әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, кейде форма маусымға ыңғайсыз болып, оқушының жайлылығына кері әсер етеді.
Бұл мәселе біржақты шешімді талап етпейді. Тараптардың мүддесін ескере отырып, мектеп формасын сақтай отырып, оқушыларға стиль элементтерін таңдауға мүмкіндік беру орынды болар еді. Мысалы, формаға сәйкес аксессуар немесе белгілі бір стиль элементтерін таңдауға мүмкіндік жасау.
Мектеп формасы тек киім емес, ол – тәртіптің, теңдіктің және мектеп мәдениетінің маңызды бөлігі. Алайда мектеп формасынан бұрын білім ошағының балаға беретін білімі мен тәрбиесінің сапасы әлдеқайда маңызды екенін ұмытпағанымыз жөн.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі