- Біріншісі - қорқынышты артта қалдырып, өз-өзіңізге сену арқылы бірінші қадам жасау.
Ағылшын деңгейі қаншама жоғары болса да, ішкі қорқыныштарының азабынан бірде бір сөз шығара алмай қобалжып жүрген адамдар саны көп. Ағылшын тілін игеруді енді бастап жатырсаңыз да, оған қарамастан бүкіл ағылшынды меңгерген адамның сенімімен сөйлеу керек. Біліміңіз әрқашан алға көтеріле береді, ал өз-өзіне сеніп ашық сөйлеу ол тілді меңгеруге оңай жол ашады.
2. Екіншісі - айнадаңы бейнеңіз арқылы өз-өзіңінбен сөйлеп бастау.
Иә, сіз қате оқыған жоқсыз. Қоғамдағы көп адамның пікірі бойынша өз-өзімен сөйлесу ол мүлде тыс және таныс емес ұғым. Бірақ шынымен, өз-өзіңізбен сөйлеу арқылы сіз терең ойлану, сөздеріңізді жинақтау және тілді тез жағдайда үйренуге жетесіз. Кейде араласатын ортамызда ағылшын тілін мілдем білмейтін немесе сөйлеуге ұялатын адамдар болады, уақытты жоғалтпау үшін бұл әрекет сізге әлдеқайда мол пайдасын тигізеді.
3. Үшіншісі - фильм немесе мультфильм қарау арқылы сіз жүйелі коммуникацияға үйренесіз.
Бұл шешімді ағылшын тілін меңгерушілер тек қана есту қабілетін даму ретінде қолданады, бірақ адамзат басынан тіпті ана тілінде сөйлеуде басқаларға қарап, үлгі алып осы қабілетке жетті. Қазіргі деңгейіңізге сай фильм немесе мультфильм көру арқылы сіздің миыңыз ағылшын тіліндегі қарапайым сөйлесуге бейімделеді және сізде кейіпкерлердің сөйлемдерін еске сақтап, қай сөлемді қай жағдайда қолдануға болады екенін толықтай түсінесіз.
Еркін сөйлеу қабілеті бәріне бірдей оңай берілетін дүние емес, әсіресе шет телін меңгеруші оқушыларға. Алайда осы кеңестерді тыңдап оларды күнделікті өмірде қолдану арқылы - сіз болашақта үлкен жетістіктерге жетесіз.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі