Бүгін, 24 желтоқсанда аңыз адам, Кеңес Одағының Батыры, полковник, қазақ халқының мақтанышы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл толды.
"Бауыржан Момышұлының жауынгерлік ерлігі барлығымызға белгілі. Жазушы болу арқылы ол тағы бір ерлік жасады. Менің ойымша, оның осы екі ерлігі бір-біріне пара-пар", - деп жазды Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Петр Вершигора.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданында өмірге келген. Батырдың балалық шағы туралы ақпарат тым аз. Дегенмен анасының Бауыржан бір жасқа толмай тұрып қайтыс болғаны белгілі.
1929 жылы Момышұлы 9 сыныпты бітіреді. Осыдан кейін ол мұғалім, экономист болып жұмыс істейді. 1933 жылы полк мектебін, артиллериялық әскери училищені бітіріп, артиллерия офицері болады.
Ұлы Отан соғысының басында Бауыржан Момышұлы генерал Панфиловқа Алматыда 316-шы атқыштар дивизиясын жасақтауға көмектеседі. Сол дивизия құрамында батыр майданға аттанған. Содан кейін ол Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысып, Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия батальонының, полкінің командирі болған.
Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбегінде 27 ұрысқа қатысқан екен. Ол бұл туралы "Артымызда Мәскеу" атты кітабында жазды. Шайқастардың бірінде батыр ауыр жараланып, 1944 жылдың наурызына дейін ауруханада жатқан.
1945 жылдың қаңтарында 9-шы гвардияның атқыштар дивизиясын басқарды. Момышұлы 1942 жылы Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылған. Кейін марапаттау қағазы жоғалып кетеді. 1990 жылдың 11 желтоқсанында ғана Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының батыры атағы қайта берілді.
Бауыржан Момышұлы - бірнеше кітаптың авторы. Ол Куба еліне сапары кезінде жауынгерлік ұрыс туралы лекция оқиды, осыдан кейін оған Куба Революциялық қарулы күштері 51-ші полкінің құрметті командирі атағы берілді. 1963 жылы Фидель Кастромен болған сұхбат жарияланды. "Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры ретінде кімді атар едіңіз?" деген сұраққа Кастро былай деп жауап берді: "Александр Бектің "Волоколамское шоссе" кітабының қаһарманы - қазақ Момышұлы".
Момышұлының тәжірибесі бүгінде АҚШ, Куба, Израиль, Никарагуаның әскери білім мекемелерінде оқытылады. "Арпалыс" туындысы Израиль Қорғаныс армиясы офицерлері үшін міндетті түрде оқылатын кітаптардың қатарына кірді.
"Атаққұмарлықтың құлы болмаңдар! Өзіңе басқа қырдан қарап көріңдер. Сонда ғана әділ сынақтың шыңына шыға аласыңдар. Ал мұндай шыңға шыққан адамға ештеңе де қорқынышты емес", - деп айтқан Бауыржан Момышұлы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі