Демография: Қазақстан халқының өсу қарқыны

   Қазақстан халқының саны соңғы жылдары тұрақты өсіп келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, 2026 жылы ел халқының саны шамамен 21 миллион адамға жетеді. Соңғы он жылда халық саны 20%-дан астам өскен. Бұл демографиялық өсімнің тұрақты сақталып отырғанын көрсетеді.

2025 жылы Қазақстанда шамамен 329,6 мың сәби дүниеге келсе, 133,2 мың адам қайтыс болды. Табиғи өсім 196,4 мың адамды құрады. Туу көрсеткіші соңғы жылдары біртіндеп төмендегенімен, халық санының артуы жалғасуда.

Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылдың басында халықтың 42,6%-ын немесе 8,5 миллионға жуық адамды 25 жасқа дейінгі жастар құрады. Ал ел тұрғындарының орташа жасы 32,3 жас. Бұл Қазақстанның әлі де демографиялық тұрғыдан жас мемлекет екенін көрсетеді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Садыкова Карлыгаш 


Ұқсас тақырыптар

Садыкова Карлыгаш
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)