Жастар арасындағы жұмыссыздық: қазіргі жағдай

    Жұмыссыздық – қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Қазақстанда бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде төмен болғанымен, жастарды тұрақты жұмыспен қамту маңызды міндет болып қала береді.

Халықаралық еңбек ұйымының (ILO) әдістемесі бойынша, 2024 жылы Қазақстандағы жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды құрады. Ал 15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық 3,1-3,5% шамасында болды. Сонымен қатар, 15-24 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,83%, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен (12,6%) едәуір төмен.

Қазақстанда NEET санатына жататын, яғни жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби даярлықтан өтпейтін жастардың үлесі шамамен 6,2%-ды құрайды. Бұл жастарды еңбек нарығына бейімдеу, кәсіби білім беру және жұмыспен қамту бағдарламаларын жетілдірудің маңызын көрсетеді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Садыкова Карлыгаш


Ұқсас тақырыптар

Садыкова Карлыгаш
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)