Қайда жүрсің іздедім мен таппадым
Өзің кетіп кімге мені тастадын?
Жазығым не сүйгенім бе өзіңді
Оңаша да көзден ақты ау жастарым
Ұмытпаймын бірақ та мен өзіңді
Сүйем деген сондағы айтқан сөзіңді
От пен судың арасында жүрсем де
Саған деген махаббатым төзімді
Өзіңсіз мұңды өмірді көріп келдім
жынданып жаман іске желікпедім
Қолыма қалып алып сені ойлаумен
Еріксіз ақындарға еліктедім
Авторы: Айғожина Нұрайым

-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі