Ай мен Күн 

Ғашық болып ай күнге,
Сырын шашпай әркімге.
Шығады ол күнді іздеп,
Қараңғы түн ішінде.

Күн де ғашық айға да 
Іздеп жерді айналаға 
Таппаған соң ұяға,
Жата кетер жай ғана 

Кездесе алмай ғашықтар 
Күндіз-түні сабылар.
Екеуінің көз жасы,
Жаңбыр болып тамшылар 

Қалмай күннен сұр бұлттар
Көшіп, қалқып барады 
Айды аңдып жұлдыздар,
Жымың жымың қағады.

Қосылмаған ешқашан,
Шын ғашықтар жүрегі 
Арасында әрқашан,
Әлдекімдер жүреді.

Менде бүгін дәл қазір 
Осылардың бірімін 
Жүректе жан жоқ, әйтеуір 
Тек әшейін тірімін!

Авторы: Айғожина Нұрайым 


Ұқсас тақырыптар

Айғожина Нұрайым
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)