Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
* * *
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса жаусын ақша қар.
* * *
Жауды,міне қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Жасырыпты жолдарды,
Тегістепті оларды.
Үстін жауып көлдердің,
Бетін бүркіп белдердің.
Жастық етіп тауды асқақ,
Жантайыпты жамбастап.
* * *
Уақыт мол бөлеміз,
Қыс қызығын көреміз.
Сары аязға шыңдалып,
Шымыр болар денеміз.
Жылда осылай келеді,
Көп қуаныш береді.
Шашу етіп біздерге,
Ақ күмісін төгеді.
* * *
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.

Өте күшті
Өте күшті
Керемет,күшті.
Тамаша!
оте керемет
Өте жақсы
Тамаша, керемет.
Қыс туралы тақпақтар
Өте жақсы
Оте керемет
Керемет күшті
Керемет күшті
Күшті
Кимнің өлеңі
Оте керемет
Өте
Бұл тақпақтардың авторы кім?!
Өтінемін тезірек жазып жіберіңіздерші!!!
Өте әдемі тақпақтар
Мама
Мен Қазақпын
Өте жақсы екен тайный сантаға рахмет
Тағы рахмет