Құстар неге қыста ұшып кетіп, көктемде қайта оралады?

Басты бет / Қызықты әрі пайдалы / Құстар неге қыста ұшып кетіп, көктемде қайта оралады?

Барлығымыз білетіндей, көктем мезгілі келгенде құстар жылы жақтан қайта оралады. Ал күз түсе салысымен олар қайтадан жылы өлкелерге ұшып кетеді. Мұның басты себебі – қыста қорек табудың қиындығы. Әсіресе жәндіктермен қоректенетін құстар үшін қыс мезгілі өте ауыр келеді, себебі суықта жәндіктер жоғалып кетеді. Сондықтан олар тіршілік етуге қолайлы, қорегі мол аймақтарға қоныс аударады.

Ал дәнмен қоректенетін кейбір құстар қыста да өз мекенінде қалады. Олар қарағай мен шырша сияқты ағаштардың дәнектерін қорек етіп, аш қалмайды. Сондықтан мұндай құстарды жыл құстары қатарына жатқызбаймыз.

Көктем келгенде жыл құстары Қазақстанға қайта оралады. Олар қысты көбіне Азия мен Африка елдерінде өткізіп, жаз мезгілін біздің кең даламызда қарсы алады. Мұның басты себебі – ұя салып, балапан өсіру. Қазақ жерінің табиғаты кең, тыныш әрі қауіпсіз болғандықтан, құстар үшін балапан өсіруге өте қолайлы орта болып табылады.

Сонымен қатар тропикалық аймақтарда бәсекелестік жоғары болады. Яғни, жылы жақтағы кейбір құстар өз аумағын қорғаштап, басқа құстарға ұя салуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан жыл құстары өздеріне жайлы әрі қауіпсіз мекен ретінде қазақ даласын таңдайды.

 

 


Ұқсас тақырыптар

құстар мақала

WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)