Соңғы жылдары Орталық Азия киноөндірісінде жанрлық әртараптану байқалады. Бұрын коммерциялық нарықта комедия мен әлеуметтік драмалар басым болса, бүгінде хоррор және мистикалық триллер жанрларына қызығушылық артып келеді. Әсіресе Қырғызстан режиссерлерінің туындылары аймақтық көрерменнің назарын аударып, кинонарықта өзіндік орнын қалыптастыра бастады. Бұл құбылыстың бірнеше негізгі себебі бар.
Алғашқы ерекшелік – ұлттық фольклор мен мифологияға сүйенуі. Қырғыз режиссерлері Голливудқа тән дайын үлгілерді қайталамай, сюжетке көшпелі халықтың аңыздары мен наным-сенімдерін негіз етеді. «Албарсты», «От», «Өш», «Қара дуа» сияқты фильмдерде ұлттық дүниетанымға жақын образдар пайдаланылып, көрерменге шынайы әсер қалдырады.
Екінші ерекшелік – психологиялық мазмұнның басымдығы. Бұл фильмдерде қорқыныш тек тылсым күштер арқылы емес, кейіпкерлердің ішкі күйзелісі, ар-ұжданы және өткен өмірімен байланыстырылып көрсетіледі. Мұндай тәсіл шығарманың идеялық мазмұнын тереңдете түседі.
Тағы бір маңызды бағыт – әдеби шығармаларға сүйену. Соңғы жылдары жарық көрген «Кассандра» фильмі Шыңғыс Айтматовның «Кассандра таңбасы» романының желісі бойынша түсіріліп, классикалық әдебиет пен заманауи кино тілін ұштастыруға талпыныс жасады. Қырғызстандағы хоррор жанрының дамуы ұлттық мәдени мұраны қазіргі кинематографиямен ұштастырудың тиімді үлгісіне айналып келеді. Бұл үрдіс Орталық Азия киносының жанрлық аясын кеңейтіп, өңірлік киноөндірістің жаңа бағытта дамуына ықпал етуде.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Эльвира Эльдарқызы

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі