Эвтаназия: адам құқығы ма, әлде заңға қайшы әрекет пе?

     Эвтаназия — емделмейтін дертке шалдыққан адамның өмірін оның өтініші бойынша медициналық жолмен тоқтату. Қазіргі таңда бұл рәсім Нидерландыда, Бельгияда, Люксембургте, Канадада, Жаңа Зеландияда және АҚШ-тың кейбір штаттарында заңмен реттелген. Ал Швейцарияда эвтаназия заңдастырылмаған, бірақ белгілі талаптармен дәрігер көмегімен суицидке рұқсат етіледі.

Қазақстанда эвтаназияға заң бойынша тыйым салынған. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 141-бабына сәйкес эвтаназияға жол берілмейді. Бұл қағида Қазақстан Конституциясында бекітілген адамның өмір сүру құқығына негізделген. Статистикаға сәйкес, Нидерландыда 2024 жылы 9 958 эвтаназия жағдайы тіркелген, ал Канадада 2023 жылы дәрігердің көмегімен өмірден өткендер саны 15 мыңға жуықтаған. Бұл көрсеткіштер аталған елдерде мұндай рәсімге сұраныстың артқанын көрсетеді.

Эвтаназия мәселесі әлемде әлі де қызу талқыланып келеді. Бір тарап оны адамның таңдау құқығы деп есептесе, екінші тарап өмірді сақтау дәрігердің басты міндеті екенін алға тартады. Сондықтан бұл тақырып медициналық, құқықтық және этикалық тұрғыдан жан-жақты қарастыруды қажет етеді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Абилгазим Альбина


Ұқсас тақырыптар

Абилгазим Альбина 
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)