Қазақстанда орган трансплантациясына мұқтаж 4 500-ден астам адам бар, оның 100-ден астамы – балалар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, күту тізіміндегі науқастардың басым бөлігіне бүйрек трансплантациясы қажет. Сонымен қатар бауыр, жүрек және өкпе ауыстыруды қажет ететін пациенттер де аз емес.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, 18 жасқа толған азамат тірі кезінде немесе қайтыс болғаннан кейін орган доноры болуға келісім бере алады.Сонымен бірге адам ағзаларын сатып алуға немесе сатуға заңмен қатаң тыйым салынған.
Соңғы жылдары елімізде трансплантация орталықтарының саны артып, қайтыс болған донорлардан жасалатын операциялар көбейіп келеді. Дегенмен мамандардың айтуынша, донорлық мәдениетті дамыту әлі де өзекті мәселе болып отыр.
Орган донорлығы – бір адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін ізгі шешім. Сондықтан қоғамда бұл мәдениетті қалыптастыру – ортақ жауапкершілік.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Абилгазим Альбина

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі