Психикалық денсаулық – адамның өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 12 ақпанда елімізде психикалық бұзылыстары бар 204 408 адам динамикалық бақылауда тұр. Оның ішінде 44 781-і – балалар мен жасөспірімдер.
Ең жиі кездесетін дерттердің бірі – шизофрения. Қазіргі таңда бұл диагнозбен 39 334 адам есепте тұр. Сонымен қатар, халықаралық зерттеулерге сәйкес, Қазақстан халқының шамамен 4,4%-ы (732 мыңға жуық адам) депрессия белгілеріне тап болады. Мамандар психологиялық көмекке жүгіну мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтеді. Психикалық денсаулыққа дер кезінде көңіл бөлу аурудың асқынуының алдын алып, адамның толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Абилгазим Альбина

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі