Қазіргі таңда ақпарат өте жылдам таралады. Әлеуметтік желілер арқылы кез келген жаңалық санаулы секундта мыңдаған адамға жетеді. Алайда барлық ақпарат шынайы бола бермейді. Жалған ақпарат адамдарды жаңылыстырып, қоғамда түсінбеушілік пен дүрбелең туғызуы мүмкін.
Сондықтан медиасауаттылықтың маңызы артып келеді. Әр адам ақпаратты бірнеше дереккөзден тексеріп, сенімді ақпаратқа ғана сенуі қажет. Әсіресе жастар интернеттегі кез келген мәліметті бірден бөліспей, оның рас-өтірігін анықтауды үйренуі керек.
Медиасауатты қоғам ғана жалған ақпараттың таралуына тосқауыл қойып, дұрыс шешім қабылдай алады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі болып табылады

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі