«Қызға қырық үйден тыйым» деген сөз қазақ қоғамында бұрыннан айтылып келеді. Алайда бүгінгі қазақ қызына қойылатын талап өзгерді. Енді олардан тек отбасының ұйытқысы болу ғана емес, білімді, батыл, жаңашыл және қоғамға пайдасын тигізетін тұлға болу күтіледі. Қазіргі Қазақстанда осыны ісімен дәлелдеп жүрген қазақ қыздарының қатары көбейіп келеді. Білім саласында өз қолтаңбасын қалдырған жандардың бірі – Жұлдызай Мұсаева. Ол өміріндегі қиындықтарды тоқырау емес, жаңа мүмкіндікке айналдыра білді. Мемлекеттік грантқа түсе алмаған сәті оның жігерін құм қылған жоқ. Керісінше, сол тәжірибе мыңдаған талапкердің арманына жол ашатын JUZ40 білім беру платформасының құрылуына негіз болды. Бүгінде бұл жоба көптеген оқушының жоғары нәтиже көрсетіп, грант иегері атануына ықпал етіп келеді. Әсел Амангелді – білім мен еңбектің арқасында әлемдік деңгейге көтерілген қазақ қыздарының бірі. Ол Назарбаев Зияткерлік мектебін және Назарбаев Университетін тәмамдап, кейін әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Harvard University-де магистр дәрежесін алды. Бүгінде Әсел өз білімін жастармен бөлісіп, ағылшын тілін үйрететін TILU онлайн мектебінің негізін қалаушы ретінде мыңдаған оқушыға халықаралық мүмкіндіктерге жол ашып келеді. Оның жетістігі – білімнің адам өмірін өзгертетін ең үлкен күш екенін дәлелдейді. Өнер әлемінде өзіндік орны бар Жанар Дұғалова да көптеген қыз-келіншекке үлгі. Ол талантымен ғана емес, еңбекқорлығы және сахна мәдениетімен де көпшіліктің құрметіне ие болды. Оның шығармашылық жолы табысқа жетудің басты кілті – үздіксіз еңбек екенін дәлелдейді. Ал әлеуметтік желі мен медиада белсенділігімен танылған Әлия Әшім жастар арасында өзіндік көзқарасымен, шығармашылығымен және жаңа идеяларымен ерекшеленеді.Ол қазіргі цифрлық дәуірде ақпаратты тиімді пайдаланып, өз аудиториясымен ашық байланыс орната білетін жаңа буын қазақ қызының бейнесін қалыптастырып келеді. Қазақ қызының күші – тек нәзіктігінде емес, білімінде, табандылығында, жауапкершілігінде және қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылысында.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі