Қошке Кемеңгерұлы: ұлт руханиятының шамшырағы

Басты бет / Ақын-жазушылар / Қошке Кемеңгерұлы: ұлт руханиятының шамшырағы

Қошке Кемеңгерұлы- 1896 жылы 15 шілде күні Ақмола облысы, Омбы уезінің Қаржас болысында дүниеге келіп, 1937 жылдың 21 қараша күні өмірден өткен Алаш қайраткері, ғалым , драматург , жазушы әрі журналист . Әкесінің қалауымен Омбы приход школында білім алады. Жас қайраткер бұл оқу орнынан орыс тілін меңгеріп , кейін Омбы ветеринарлық-фельдшерлік мектебіне оқуға түседі.

1917 жылы Қошке Кемеңгерұлының бастамасымен Ақмола қаласында уездік қазақ комитеті ашылды. Қайраткердің ең әйгілі жетістіктерінің бірі болып Ақмола облыстық Алаш партиясы комитетін ашуға қосқан күш-жігері болып табылады. Сонымен қатар, Қошке Кемеңгерұлы Қызылжар қаласында үні шығып тұрған - “Жас азамат” газетінің редакторы қызыметін атқарған . Оның журналистік мақалалары ұлттың бірлігі , білім мен тәуелсіздік идеяларын насихаттауға арналды.
Уақыт өте келе оның драматургтік қабілеттері де айқын көріне бастады. Қ. Кемеңгерұлының бұл салада қосқан үлестеріне “Әулие тәуіп” , “Қасқырлар мен қойлар” және “Бостандық жемісі “ атты пьесаларын жатқызуға болады.  1930 жылы 13 қазанда жалған айыппен Ташкентте ұсталған сәтте ол өз күйін :

 “Қамалдым өткелі жоқ терең жарға,

Әділдік таба алмадым амал бар ма?”-деп жеткізген. Осылайша өмірінің соңғы жылдарын бақылау астында өткізген қайраткер 1937 жылдың 21 қарашасы ату жазасына кесілді. Уақыт өте келе ақталып, есімі халқына қайта оралды. Қошке Кемеңгеров - өз заманының ғана емес , бүгінгі ұрпақтың да мақтанышы. Оның білімге, әділдікке және елге қызмет етуге үндейтін идеялары әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осындай тұлғалардың өмір жолын танып-білу - өткенді құрметтеп , болашаққа сеніммен қадам басудың маңызды негізі.


Ұқсас тақырыптар

Жазушы журналист

WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)