Әділет – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты негізі. Заңның үстемдігі маңызды болғанымен, әділетті қоғамның тірегі – адал, жауапты әрі саналы азаматтар. Адалдық тек өтірік айтпаумен шектелмейді. Ол – өз ісіне жауапкершілікпен қарау, заңды сақтау, өзгенің еңбегін құрметтеу және қоғам мүддесін жеке пайдадан жоғары қою.
Қазақ халқы да әділдікті ең жоғары құндылықтардың бірі санаған. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген нақыл сөз әділ шешімнің ел бірлігі үшін маңызды екенін көрсетеді.
Бүгінде елімізде заң үстемдігін нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Алайда олардың нәтижесі әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Әсіресе жастардың адал еңбегі, кәсіби біліктілігі мен азаматтық ұстанымы қоғамдағы сенімді нығайтады. Әділетті қоғам әр адамның күнделікті ісінен басталады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Манасова Жадыра

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі