Мектептен кейінгі өмір: түлектерді қандай қиындықтар күтеді?

Басты бет / Әңгіме мен мақала / Мектептен кейінгі өмір: түлектерді қандай қиындықтар күтеді?

Мектеп бітіру өмірдің аяқталған бір кезеңі.Сол кезеңнен кейін әр адамды әртүрлі жол күтеді.Бірақ көбісі мектеп аяқтаумен бірге бар қиындық бітеді деп ойлайды.Олардың санасында мектептен кейінгі бостандық және өз еркіңше есею оңай нәрсе ретінде көрінеді.Бұл шынымен солай ма? Әлде адасу ма? Мектеп аяқталған соң үлкен таңдау ол университет таңдап ,алған баллыңмен грантқа түсу.Ол түлектің жаз мезгіліндегі үлкен уайымының бірі.Әр оқушы :”Ата-ана үмітін ақтадым ба?Әлде бір нәрсені дұрыс жасамадым ба “деп ойлайды.Ойы сан санаққа кетеді.

Сонымен қатар, сол сәтте кейбіреулері мамандықты қате таңдағандарын түсінуі мүмкін. Бірақ уайымдаудың қажеті жоқ,себебі қате таңдауды өзгертудің мүмкіндігі әрдайым бар.

Міне, осы қиындықтарға түлектер дайын болуы керек. Ал студенттік кезең керемет.Алайда, адаптация, сессия және жаңа ортада дос табу деген мәселелерді ұмытпау керек. Ең бастысы, қиындық келгенде өзіңе сеніп, ата- анаңмен бірге алға қадам басу қажет.Егер қадамың нық болса , алдыңда тек қана жақсылық күтіп,сол қиындықтардан оңай өте аласың, жас түлек!


Ұқсас тақырыптар

жас түлек

WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)