«ҰЛТ МАҚТАНЫШТАРЫН ЕСІМІ АРҚЫЛЫ ЖАҚЫН ТҰТАДЫ»
Бірде теледидардан Абай атамыз туралы бағдарламаны көріп отырғанымда, жүргізуші: «Абайдың бұл өлеңі…» деп сөзін жалғастырды. Бір сәт ойланып қалдым: неге Абай Құнанбайұлы демейді екен? Ұлы адамның толық аты-жөнін айтпағаны дұрыс па өзі?
Осы оймен біраз жүрдім. Кейінірек бір отырыста атаммен әңгімелесіп отырып, байқаусызда осыны айтып қалдым. Атам езу тартып күлді де, бір кесе шәйінен ұрттап қойып:
— Білесің бе, балам, біз Абайды – жай ғана ақын ретінде емес, өз жақынымыздай көреміз. Абай десе – әр қазақтың ішінен жарып шыққан шамшырақ елестейді. Сондықтан біз оны «Абай» деп атаймыз. Өйткені ол бізге бөтен емес. Сол кезде түсіндім.
Қазақ өз ұлыларын алыстағы заңғар етіп көрсетпейді, керісінше, жүрегіне ең жақын жерге-төріне шығарып қояды. Басқа елдерде тарихи тұлғаларды атағанда міндетті түрде толық есімі, тіпті тегі, ғылыми атақ-дәрежесімен айтылады. Ал бізде бір ғана есім,ұлылықтың синониміне айналып кеткен.Шын мәнінде, бұл — тек дәстүр емес, рухани туыстықтың белгісі десек те артық етпейді.Біз оларды салтанатты дауыспен емес, есімімен атап,жақын тартамыз. Өйткені олар біздің өміріміздің бөлшегі сияқты.
«Абай» дегенде – ұлы ақын ғана емес, қысты суреттегендегі қырау таң, «Сегіз аяқтың» сазына толған күзгі кеш, адамшылықты үйреткен даналық еске түседі.
«Шоқан» десек – қарлы тау ішінде кітап арқалап жүрген бала, әлемге таңырқай қараған көз елестейді.
«Ыбырай» дегенде – «Кел, балалар, оқылық!» деп үн қатқан алғашқы ұстаз, партаның бір шетінде отырған өзіміздің бейнеміз оралады. Ал бұл ұлы есімдерге ешқандай қосымша қажет емес. Өйткені олар бізге жат емес.Ұлт өз мақтаныштарын есімімен атағанда – оларды алыстатпайды, керісінше, жақын тартады. Өйткені бұл есімдер – әр қазақтың санасында да жүрегінде де сақталған есімдер.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі