Фантастика-ежелгі грек тілінен шыққан, «елестету өнері» деген мағынаны білдіретін ұғым. Әдебиетте бұл жанр шындықта жоқ әлемдер мен кейіпкерлер арқылы адамзатқа таныс мәселелерді көтеруімен ерекшеленеді. Бір қарағанда, қиялға ғана құрылғандай көрінетін фантастика шын мәнінде адам санасын, дүниетанымын кеңейтетін қуатты құрал.Қазақ фантастикасының басты жанрлық ерекшелігі оның ұлттық таныммен, мифологиямен және фольклормен тығыз байланысында. Қазақ ертегілеріндегі жалмауыз, жезтырнақ, жеті басты айдаһар, самұрық құс сынды бейнелер-бүгінгі фантастиканың алғашқы негізі. Бұл кейіпкерлер арқылы жақсылық пен жамандық, батылдық пен қорқақтық, адалдық пен сатқындық сияқты ұғымдар баланың санасына ерте сіңіріледі.Қазақ фантастикасы көбіне адам мен қоғам, адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсетуге ұмтылады. Мұнда бөгде ғалам, ерекше тіршілік иелері бейнеленсе де, көтерілетін мәселе,адамгершілік, жауапкершілік, таңдау еркіндігі. Яғни қиял арқылы өмірдің шынайы сұрақтары қойылады.Балалар тәрбиесінде фантастикалық шығармалардың рөлі ерекше. Біріншіден, фантастика баланың қиялын дамытады. Қиялы ұшқыр бала ойы еркін, жаңашыл ойлайтын тұлға. Екіншіден, бұл жанр баланы ойлануға, салыстыруға, себеп-салдар байланысын түсінуге үйретеді. Кейіпкердің шешімі мен оның салдары арқылы бала өз өміріне сабақ алады.Сонымен қатар, фантастикалық шығармалар баланың қорқынышын жеңуге, өзін тануға көмектеседі. Көп жағдайда фантастикадағы күрес-сыртқы емес, ішкі күрес. Кейіпкердің өз әлсіздігімен, қорқынышымен бетпе-бет келуі балаға да таныс сезім. Сол арқылы ол жалғыз емес екенін түсінеді.Қазақ фантастикасы қиял емес, тәрбие құралы. Ол ұлттық құндылықтарды заманауи формада жеткізіп, баланың рухани әлемін байытады. Қиял мен шындықтың тоғысқан тұсында бала өмірді тереңірек түсіне бастайды.Сондықтан фантастика шындықтан алыс жанр емес. Керісінше, ол баланы шындыққа дайындайтын, ойы мен жүрегін қатар тәрбиелейтін әдеби кеңістік.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі