Достық-адамның өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі. Нағыз дос қуанышты да, қиындықты да бірге бөліседі. Дегенмен қыздар мен ер адамдардың достығында айырмашылықтар жиі байқалады. Бұған олардың қарым-қатынас жасау тәсілі, эмоцияны білдіруі және бір-бірімен араласу ерекшеліктері әсер етеді.Қоғамда «қыздардың достығы ұзаққа бармайды» немесе «ер адамдардың достығы мықты болады» деген пікір жиі айтылады. Алайда мұндай көзқарасты нақты дәлел ретінде қабылдау дұрыс емес. Достықтың беріктігі адамның жынысына емес, мінезіне, тәрбиесіне және бір-біріне деген құрметіне байланысты. Қыздар арасында да ондаған жылдарға созылған берік достық кездеседі, сол сияқты ер адамдардың арасында да арақатынасы тез үзіліп қалатын жағдайлар болады.Өзімнің бақылау,аз да болсын тәжірибем бойынша қалыптасқан ойым:біз,қыздар көбіне қарым-қатынаста эмоциялық жақындықты маңызды санайды. Ал ер адамдар ортақ мақсат пен бірге өткізген уақытқа көбірек мән береді. Сондықтан олардың достықты көрсету тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ екі жағдайда да сенім жоғалса, достықтың сақталуы қиын.Қазіргі кезде әлеуметтік желілер де достыққа өз әсерін тигізуде. Бір жағынан, алыста жүрген достармен үнемі байланыста болуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, кейде адамдар бір-бірінің өмірін тек әлеуметтік желі арқылы бақылап, шынайы кездесулер азаяды. Соның салдарынан кейбір достық қарым-қатынастары бұрынғыдай жақын болмауы мүмкін.Менің ойымша, достықты ер адамдардың немесе қыздардың достығы деп бөліп қараудан бұрын, оның сапасына мән берген дұрыс. Нағыз дос- қиын кезде қолдау көрсететін, жетістігіңе қуана білетін және саған әрдайым шындықты айтатын адам. Осындай қасиеттер бар жерде достық ұзақ сақталады. Қыздардың достығы көбіне ашық әңгімеге, бір-бірін тыңдауға және эмоциялық қолдауға негізделеді. Олар күнделікті өміріндегі жаңалықтарын, уайымын немесе қуанышын бөлісіп, досының пікіріне мән береді. Егер араларында түсініспеушілік туындаса, оны сөйлесу арқылы шешуге тырысады. Әрине, кез келген қарым-қатынаста реніш немесе келіспеушілік болуы мүмкін. Бірақ шынайы достық өзара сенім мен сыйластыққа сүйенеді.Ер адамдардың достығы сәл өзгеше қалыптасады. Олар көбіне бірге уақыт өткізу, ортақ қызығушылықтар немесе белгілі бір мақсат арқылы жақындайды. Көп жағдайда сезімдерін ашық айтпайды. Бірақ қиын жағдайда досына нақты ісімен көмектесіп, қолдау көрсетуге дайын болады. Сондықтан олардың достығы сырт көзге қарапайым көрінгенімен, сенімі берік болуы мүмкін.Ер адамдардың достар тобында кейде бейресми иерархия байқалады. Мысалы, бір адам кездесуді ұйымдастырады, маңызды шешімдер ұсынады немесе топтың пікірін біріктіреді. Бұл оның басқалардан артық екенін білдірмейді. Керісінше, достары оның тәжірибесіне, жауапкершілігіне немесе көшбасшылық қасиетіне сенім білдіреді. Дегенмен мұндай жағдай барлық достар ортасында кездесе бермейді. Кейбір топтарда барлық адам тең дәрежеде араласады.Қыздардың достығында да белсенді немесе ұйымдастырушы адам болуы мүмкін. Алайда бұл көбіне достықтағы мәртебе емес, жауапкершілікті өз мойнына алуымен байланысты. Сондықтан иерархия туралы айтқанда, оны қатаң ереже ретінде емес, кейбір ортада кездесетін ерекшелік ретінде қарастырған дұрыс.
Қазіргі таңда әлеуметтік желілер адамдардың қарым-қатынасына да әсер етіп отыр. Кейбір достар тек хат алмасумен шектелсе, енді біреулер жиі кездесуге уақыт табады. Бірақ қандай жағдайда болмасын, шынайы достықтың негізі өзгермейді. Ол -сенім, адалдық, өзара құрмет және қиын сәтте қолдау көрсете білу.Қорытындылай келе, қыздар мен ер адамдардың достығының өзіндік ерекшеліктері бар. Бірі эмоциялық қолдауға көбірек мән берсе, екіншісі нақты әрекет арқылы қамқорлық көрсетеді. Сонымен қатар кейбір ер адамдардың достар ортасында бейресми иерархия байқалуы мүмкін. Алайда достықтың беріктігін анықтайтын басты қасиеттер-адамның жынысы емес, оның адалдығы, сенімділігі және досына деген құрметі.

- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі