Қазір «Денсаулық - басты байлық» деген сөздің мәні мен маңызы бұрынғыдан да тереңірек сезіле бастағандай. Себебі өспелең ұрпақ ақпараттық технологиялар мен жасанды интелект дамыған дәуірде өмір сүріп жатыр. Бұл заманда көптеген жастардың бос уақыты, тіпті жұмыс пен оқу процесі де смартфон мен компьютер алдында өтетіні рас. XXI ғасырда қозғалыс белсенділігінің төмендеуі
қоғамының басты мәселелерінің біріне айналды. Осындай сыни сәтте денемізді сергек, ойымызды таза, ал санамызды серпінді ұстаудың ең тиімді әрі ғасырлар бойы тексерілген бірден-бір жолы бар.
Ол - спортпен тұрақты түрде шұғылдану. Бұл - ең алдымен, өмір сапасын түбегейлі жақсартудың және өз-өзіңді жеңудің басты кілті.
Тұрақты жаттығулар адамның физикалық күйін жақсартып, ағзаның жақсаруына мүмкіндік береді. Жүгіру, жүзу, велосипед тебу немесе жай ғана таңертеңге бой жазу жаттығулары болсын - бұлардың барлығы да адам ағзасына орасан зор пайда әкеледі.Мұнымен қоса, спорт тек денені ғана шынықтырып қоймайды, адамның ішкі болмысы мен мінезін де тәрбиелейді.
Әр таңда ерте тұрып жүгіру, қанша шаршап тұрсаң да жаттығуды тастамау, алға қойған мақсатқа қарай қадам басу - адамды темірдей тәртіпке, ерік-жігерге және табандылыққа үйретеді.
Салауатты өмір салтын ұстанатын жастар уақытты тиімді жоспарлап, мақсаттарын жүйелей алады.
Спортпен шұғылдануды бастау үшін міндетті түрде кәсіби спортшы немесе әлемдік деңгейдегі чемпион болу шарт емес. Бастысы - бүгіннен бастап кішігірім болса да, нақты қадам жасау. Күніне бөлінген 15–20 минуттық қарапайым жаттығудың өзі - сіздің болашағыңызбен денсаулығыңызға жасалған үлкен қадам. Сондықтан сылтауларды ысырып қойып, дәл қазір, дәл осы сәттен бастап қозғалысты, жаңа белсенді өмірді бастау керек. Салауатты өмір салты - жарқын, сапалы әрі табысты болашақтың бірден-бір кепілі.

- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі