Өмірімде бір кезең болды. Сырт көзге бәрі жақсы сияқты көрінетін. Күліп жүретінмін, адамдармен сөйлесетінмін, бірақ ішімде түсініксіз бір бос сезім бар еді.
Мен көп нәрсеге қол жеткізгім келді. Тез өзгергім келді. Басқалардың жетістігін көріп, өзімді артта қалғандай сезінетінмін.
Бір күні кешке жалғыз келе жатып, өзіме бір сұрақ қойдым:
«Мен неге үнемі бір нәрсеге асығамын?»
Сол сәтте түсіндім: мен өмір сүріп жатқан жоқпын, мен тек бір күннің тезірек өтуін күтіп жүр екенмін.
Содан бастап кішкентай нәрселерді бағалай бастадым. Отбасыммен ішімнен емес, шын көңілмен сөйлестім. Таңертеңгі тыныштықтың, жақын адамдардың, денсаулықтың қадірін түсіндім.
Бұрын мен бақытты үлкен жетістіктерден іздейтінмін. Кейін түсіндім — бақыт кейде адамның қолында бар нәрсені бағалай бастаған сәтінен басталады екен.
Кейбір адамдар өмірін өзгерту үшін жаңа мүмкіндік күтеді. Ал кейде өзгеріс өзіңнің ойыңды өзгерткен сәттен басталады.

- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі