Қазақстандық музыка радио эфирінде, концерт сахналарында және цифрлық платформаларда кеңінен таралып келеді. Соңғы жылдары отандық музыканы ақпараттық кеңістікте қолдауға бағытталған талаптар да күшейді.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап отандық радиоарналардың апталық хабар тарату көлемінде қазақстандық авторлар мен орындаушылардың музыкалық туындылары және отандық радиобағдарламалар кемінде 55 пайызды құрауы тиіс. Бұл талап жарнаманы есептемегендегі эфир көлеміне қатысты. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсеткіш 60 пайызға дейін өседі.
Отандық музыкаға сұраныстың бір көрінісі концерттерден де байқалады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстандағы концерттік ұйымдар 279 іс-шара өткізіп, шамамен 300 мың көрермен жинаған. Осы кезеңде мемлекеттік концерттік ұжымдар Қазақстан ішінде 12 гастрольдік сапар, шетелде 7 гастроль ұйымдастырған.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда 67 концерттік ұйым жұмыс істеген. Сол жылы концерттік ұйымдар жалпы 7,8 мың іс-шара өткізген.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Алданияз Нурайым

- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі