Смартфон күнделікті қарым-қатынастан бастап білім алуға дейінгі көптеген үдерісті жеңілдетті. Қоңырау шалу, ақпарат іздеу, фото мен бейне түсіру, карта қолдану және онлайн қызметтерге кіру сияқты мүмкіндіктер бір құрылғыға бірікті.
Халықаралық электрбайланыс одағының 2025 жылғы дерегіне сәйкес, әлемдегі адамдардың 82,3 пайызы ұялы телефон иеленеді. Сол жылы шамамен 6 миллиард адам интернет қолданған, бұл әлем халқының 74 пайызына тең.
Смартфонның маңызы әсіресе ақпаратпен жұмыс істейтін адамдар үшін жоғары. Оқушы электронды кітап оқып, білім беру ресурстарына кіре алады. Журналист оқиға орнынан фото мен бейне түсіріп, ақпаратты жедел тарата алады. Ал жасанды интеллект негізіндегі қызметтер мәтінді аудару, дауысты мәтінге айналдыру сияқты жұмыстарды жеңілдетеді.
Смартфон мүмкіндігі артқан сайын оны саналы пайдалану да маңызды. Уақытты тиімді жоспарлап, құрылғыны білім, байланыс және шығармашылық үшін қолдану оның пайдасын арттырады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Кадирова Сымбат

- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі