«Оқжетпестің» жаңа эмблемасындағы жасырын белгі

     Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубы жаңа эмблемасы мен 2027 жылғы маусымға арналған ойын формасын таныстырды. Жаңа бейне 5 қыркүйекте Қазақстан Премьер-лигасының 25-турындағы «Ордабасыға» қарсы матч алдында Көкшетаудағы Абылай хан алаңында көпшілікке ұсынылды.

Эмблеманың негізгі элементі — тұлпар. Клуб түсіндірмесінде жылқы еркіндік, күш-қуат және алға ұмтылыстың белгісі ретінде сипатталған. Тұлпардың жалында бейнеленген жебелер «Оқжетпес» атауының мағынасын ашады. Бұл атау жебе де жете алмайтын биіктікті білдіреді.

Ребрендинг аясында жанкүйерлерге арналған клубтық өнімдер де таныстырылды. Ал алаңдағы нәтиже бойынша «Оқжетпес» 2026 жылғы маусымның 25 турында 42 ұпаймен төртінші орында тұр.

Жаңа эмблема таныстырылған күні команда «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Мубарак Мадина


Ұқсас тақырыптар

Мубарак Мадина
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)