Сахнадағы екі сағат: спектакль артында қанша еңбек бар?

    Театр — адамның ішкі әлеміне жол ашатын ерекше өнер. Көрерменге бір-екі сағаттық қойылым болып көрінгенімен, спектакльдің артында ұзақ дайындық пен бірнеше маманның еңбегі жатыр. Актер рөлін меңгеріп, кейіпкерінің мінезі мен болмысын зерттейді. Режиссер қойылымның идеясын қалыптастырып, суретші декорацияны әзірлейді. Ал жарық, дыбыс және сахна мамандары әр көріністің үйлесімді өтуін қадағалайды.

Қойылым кезінде перденің ашылуы, музыканың қосылуы, жарықтың түсуі, декорация мен реквизиттің ауысуы сияқты детальдардың барлығы алдын ала дайындалады. Көрермен байқамайтын осы жұмыстар спектакльдің тұтастығына әсер етеді. Қазақстандағы кәсіби ұлттық театрдың тарихы 1926 жылдан басталады. 13 қаңтарда Қызылордада алғашқы кәсіби ұлттық театр ашылып, сахнада Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылды.

Театрдың ерекшелігі — әр қойылымның қайталанбас сәтке айналуында. Актердің көңіл күйі мен көрерменнің қабылдауы әр кеште өзгеруі мүмкін. Сахнадағы екі сағат — көрермен көретін нәтиже ғана. Оның артында актерлердің дайындығы, режиссердің ізденісі және сахна сыртындағы мамандардың көзге көрінбейтін еңбегі тұр.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Тұрсын Айсана


Ұқсас тақырыптар

Тұрсын Айсана
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Айзере

Жаныым,жарайсыын🤍🤍🤍