«Орыс зымыраны» (Russian Rocket) атанған Александра Трусова (Игнатова) төрт жылдық үзілістен кейін халықаралық мұз айдынына қайта оралды. 2026 жылдың қыркүйегінде Токиода өткен Kinoshita Group Cup жарысында ол 221,06 ұпайжинап, күміс жүлдеге ие болды.
Трусова қысқа бағдарламада 74,92 ұпаймен 4-орынды иеленді. Ал еркін бағдарламадағы нәтижесінен кейін жалпы есепте екінші орынға көтерілді. Жарыс жеңімпазы Мао Шимада 231,32 ұпай жинады. Трусова мен Шимаданың айырмашылығы — 10,26 ұпай. Спортшының есімі төрт айналымды секірулерімен де тарихта қалды. 2022 жылғы Пекин Олимпиадасында ол бір еркін бағдарламада 5 төрт айналымды секіру орындап, әйелдер мәнерлеп сырғанауындағы ең күрделі техникалық бағдарламалардың бірін көрсетті. Сол Олимпиадада Трусова 251,73 ұпаймен күміс медаль алды, ал еркін бағдарламасы 177,13 ұпай болды.
Трусова 2025 жылы ана атанып, ұлы дүниеге келгеннен кейін спорттық мансабын қайта жалғастырды. Ең қызығы ол мұзға оралған жарысында ең қиын тәсілдердің бірі төрт айналымды лутцті (4Lz) орындады. Төрт жылдық үзіліс, ана болу және қайтадан халықаралық аренаға шығу — Трусова үшін жаңа тараудың басталуына айналды.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Мұқси Нұргүл

- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі