Бүгінде кітап оқу үшін кітапханаға бару міндетті емес. Телефон арқылы электронды кітап, мақала немесе аудиокітапты кез келген уақытта табуға болады. Сонымен бірге әлеуметтік желілер жастардың ақпаратты қабылдау тәсіліне де әсер етті.
DataReportal-дың 2025 жылғы есебіне сәйкес, әлемде 5,24 миллиард әлеуметтік желі қолданушы сәйкестендірілімі болған. Бұл көрсеткіш бірегей адамдардың нақты санына тең емес, алайда әлеуметтік желінің күнделікті ақпарат тұтынудағы ауқымын көрсетеді.
Қысқа видеолар ақпаратты жылдам жеткізеді. Алайда әлеуметтік желідегі контент тек көңіл көтерумен шектелмейді. Қазір кітап шолулары, тарихи деректер, әдеби талдаулар мен білім беру материалдары да кең таралып келеді.
Сондықтан мәселе әлеуметтік желінің бар-жоғында емес, оны қалай пайдалануда. Бір минуттық видео ұзақ мәтінді алмастырмауы мүмкін. Бірақ ол оқушының белгілі бір тақырыпқа қызығушылығын оятып, кітап немесе мақала іздеуіне себеп бола алады.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Инабат Талғатқызы

- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі