Қазіргі заманда ақпараттың басым бөлігі интернет арқылы тарағанымен, кітап оқу әлі де маңызды әдет болып қала береді. Кітап адамның ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын арттырады және дүниетанымын кеңейтеді.
2021 жылғы зерттеуде АҚШ ересектерінің 75%-ы соңғы 12 айда кемінде 1 кітап оқыған. Олардың 65%-ы қағаз кітап, 30%-ы электронды кітап оқыған. Сонымен қатар бір адам жылына орта есеппен 14 кітап оқыған. Бұл көрсеткіш кітаптың цифрлық дәуірде де өз маңызын жоғалтпағанын көрсетеді.
Кітап оқудың пайдасы әсіресе жастар үшін жоғары. 18–29 жастағы адамдардың 83%-ы 2021 жылы кемінде бір кітап оқыған. Күн сайын 20–30 минут кітап оқудың өзі жаңа ақпарат алуға және ойды жинақтауға көмектеседі.
Кітап оқу – білім алудың қарапайым әрі тиімді жолы. Күніне 20 минут, аптасына шамамен 2 сағаткітапқа уақыт бөлу адамның өзін дамытуына үлкен мүмкіндік береді
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Сымбат Кадирова

- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі