Қазақ қызы — Dior-дың музасы: Алла Ильчунның ұмыт қалған тарихы

Кристиан Диордың музаларының бірі атанған Алла Ильчун ұзақ уақыт бойы Қазақстанда көп айтыла бермеген. Алайда оның өмір жолы ХХ ғасырдағы әлемдік сән тарихымен тығыз байланысты.

Алла Ильчун Харбинде дүниеге келген. Әкесі Қуантхан Елшын — қазақ, Қытайда инженер әрі теміржол саласының маманы болған. Анасы Тамара — орыс опера әншісі. 1936 жылы Алла анасы екеуі Парижге көшкен. 

1940-жылдардың соңында Алла Париж сән әлеміне еніп, Christian Dior сән үйінің танымал модельдерінің біріне айналды. Ол Dior-дың «New Look» кезеңіндегі көрсетілімдеріне қатысып, модель ретінде шамамен 20 жыл еңбек етті. Кейін Ив Сен-Лоранмен де жұмыс істеді. 

Алла Ильчунның тарихы — қазақ қызының Еуропаның жоғары сән әлемінде өз орнын тапқанын көрсететін ерекше мысал. Оның есімі бүгінде Dior тарихымен қатар аталады.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Мубарак Мадина


Ұқсас тақырыптар

Мубарак Мадина
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)