Жазғы демалыс - әр баланың асыға күтетін ерекше шағы. Мектептегі қарбаластан бір сәт алыстап, таза ауада тыныстап, табиғат аясында уақыт өткізу, жаңа достар табу - балалық шақтың ең қымбат естеліктерінің бірі. Осындай әсерлі сәттерге толы мекеннің бірі - Бектау-Ата шатқалында орналасқан «Жас Қанат» балалар сауықтыру лагері.
Көркем табиғат аясындағы лагерьде әр күн өзінше қызықты өтеді. Балалар спорттық жарыстарға қатысып, шығармашылық сайыстарда өз өнерін көрсетіп, түрлі ойындар мен танымдық шаралар арқылы жаңа қырларын ашады. Ең бастысы - бірге өткізген уақыт оларды жақындастырып, жаңа достықтардың қалыптасуына жол ашады.
2026 жылғы жазғы маусымда «Жас Қанатта» 7–14 жас аралығындағы шамамен 800 баланы қамтитын бес ауысым ұйымдастыру жоспарланды. Бұл - жүздеген баланың жазғы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізуіне мүмкіндік беретін үлкен орта.
Он бес күн - күнтізбедегі қысқа ғана уақыт. Бірақ «Жас Қанатта» өткен әрбір күн балалық шақтың жылы естелігіне айналады.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Тұрсын Айсана

- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі