Ақпарат көп заманда шындықты қалай ажыратуға болады?

Бүгінгі таңда ақпаратсыз өмір сүру мүмкін емес. Таңертең көзімізді ашқаннан бастап телефондағы жаңалықтарды қараймыз, әлеуметтік желіге кіреміз, достарымыздың жазбаларын оқимыз. Теледидардан, сайттардан, Instagram мен TikTok-тағы парақшалардан ,әр түрлі әдеуметтік желілерден күн сайын мыңдаған ақпарат көреміз. Бұрын адамға жаңалық білу үшін газет сатып алу немесе теледидар көру жеткілікті болса, қазір ақпараттың көлемі бірнеше есе артты. Бірақ ақпараттың көп болуы оның барлығы шын дегенді білдірмейді.

Қазіргі уақытта ең маңызды мәселелердің бірі – ақпаратты дұрыс қабылдай білу. Себебі жалған ақпарат адамның жеке пікіріне ғана емес, қоғамдағы көзқарасқа да әсер етуі мүмкін. Кейде адамдар жаңалықтың тақырыбын ғана оқып, оны бірден басқаларға жібереді. Ал ақпараттың ішінде нақты дерек бар ма, оны кім жазды, қашан жарияланды деген сұрақтарға мән бермейді.
Шындықты ажыратудың бірінші жолы – ақпараттың дереккөзін тексеру. Мысалы, әлеуметтік желіден қандай да бір маңызды жаңалық көрдік делік. Оны бірден шын деп қабылдамай, басқа сенімді ақпарат құралдарынан іздеп көруге болады. Егер бірнеше тәуелсіз дереккөзде бір ақпарат расталса, оған деген сенім арта түседі. Ал ақпарат тек белгісіз парақшада жарияланып, нақты авторы немесе дереккөзі көрсетілмесе, оған сақтықпен қараған жөн.
Ал екініші жолы ақпараттың тілін байқаған дұрыс.Егер ақпарат тым сенсациялық болып,адамды бірден қорқытуға немесе ашуландыруға бағытталса,оны тексеріп алған жөн.Себебі эмоцияға әсер ететін тақырыптар адамдардың назарынан тез аударуы мүмкін.Ал адам ашумен немесе қорқынышпен ақпаратты тексермей бөлісіп жіберуі ықтимал. Қоғамдағы көзқарас— бұл ақпараттың жеке адамға ғана емес, бүкіл халыққа әсерін көрсетеді. 
Бұл жерде журналистиканың маңызы зор.
Себебі журналист-ақпаратты шынайы әрі нақты тексірілген ақпаратты ұсыну керек.Кәсіби журналист ақпаратты бірнеше рет тексеріп,нақты деректерге сүйенуге тырысады.Ал оқырманда да ақпартты саналы,шын түрде қабылдап,оны тексеруге дағдылану керек.

Көп ақпараттың болуы әрқашан оның,дұрыс екенін білдірмейді. Бүгінгі заманда шындықты табу үшін ақпарат көзін тексеру, бірнеше пікірді салыстыру және сыни ойлау қажет. Әрбір тексерілген факт — шынайы әрі қауіпсіз ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға қосылған үлес .Сонда ғана біз жалған ақпараттың құрбаны болмай, дұрыс шешім қабылдай аламыз.

Авторы: Нұрматова Мадина 


Ұқсас тақырыптар

Нұрматова Мадина
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)