«Қыркүйек» пе, «қыргүйек» пе?

   Қыркүйек келсе, мектеп те басталып, сабақ та көбейеді. Биыл осы айдың атауына байланысты тағы бір мәселе әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Бір жерде «қыркүйек», енді бір жерде «қыргүйек» деп жазылғанын көріп жүрміз. Сонда қайсысы дұрыс?

Бұл сұрақ биыл ғана пайда болған жоқ. 2025 жылы жарияланған зерттеуде 1941–2013 жылдар аралығындағы орфографиялық сөздіктер салыстырылған. Зерттеуге 17 өңірден, сондай-ақ Түркия мен Ресейден 367 адам қатысқан. Зерттеу нәтижесі сөздің әр жылдардағы сөздіктерде әртүрлі жазылғанын көрсетті: 1988 жылы «қыркүйек», 2001 және 2005 жылдары «қыргүйек», 2007 жылы қайтадан «қыркүйек», ал 2013 жылы «қыргүйек» нұсқасы берілген. (ResearchGate)

Қазіргі таңда Тіл саясаты комитеті 2013 жылғы орфографиялық сөздікке сүйеніп, «қыргүйек» нұсқасын дұрыс деп көрсеткен. Алайда 2026 жылы қазақ тілінің жаңа орфографиялық сөздігін әзірлеу ұсынылды. (Минбер)

Сондықтан бұл мәселені дауға айналдырмай, ресми сөздіктер мен тіл мамандарының пікіріне сүйенген дұрыс. Өйткені тілдегі бір сөздің жазылуының өзі орфографиялық норманың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Расул Мадина 


Ұқсас тақырыптар

Расул Мадина 
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)