Неге кейбір қазақша сөздер ұмытыла бастады?

 

 Кейде үлкендердің әңгімесінен бізге таныс емес қазақша сөздерді естиміз. «Кебеже», «шекпен», «сәукеле», «шидем» сияқты сөздер бұрынғы тұрмыста жиі қолданылған. Ал қазір олардың кейбірін кітаптан немесе үлкендердің әңгімесінен ғана кездестіреміз.

Тіл де уақыт өте өзгереді. Өмірге жаңа заттар мен ұғымдар енген сайын жаңа сөздер пайда болады. Ал күнделікті тұрмыстан шыққан заттар сирегенде, оларды атайтын сөздер де көп қолданылмайды. Мысалы, кебеже — бұрын азық-түлік сақтауға арналған тұрмыстық бұйым. Қазір оның орнын тоңазытқыш пен ас үй шкафтары сияқты заттар басты. Сондықтан «кебеже» сөзі күнделікті сөйлеуде сирек кездеседі.

Қазақ тілінің сөздік қоры өте бай. «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» 15 томнан тұрады және онда әдеби тілдің әр кезеңіне қатысты мол сөздік материал қамтылған. (Қазақ тілінің база)

Ұмытылып бара жатқан сөздерді білу — халқымыздың тұрмысы мен мәдениетін танудың бір жолы. Біз оларды күн сайын қолданбасақ та, мағынасын білу арқылы ана тіліміздің байлығын тереңірек түсінеміз.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Расул Мадина


Ұқсас тақырыптар

Расул Мадина
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)