Жас футболшы — Сержан Бекболат

    Сержан Бекболат — футболға ерте қызығушылық танытып, бүгінде «Ақшұқыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің U-15 командасында ойнап жүрген жас футболшы.

Жас ойыншының алаңдағы басты ерекшеліктерінің бірі — жылдамдығы. Командадағы достары мен жанкүйерлері осы қасиетіне байланысты Сержанды «Ұшақ» деп атап кеткен. Сержан «Ақшұқыр» командасының сапында республикалық жарыстарға қатысып келеді. Команда балалар мен жасөспірімдер арасындағы футбол және футзал жарыстарында өнер көрсетіп жүр. «Ақшұқыр БЖСМ» командасы U-13 санатындағы Қазақстан чемпионатының ойындарына да қатысқан. Сержанның «Ақшұқыр» командасына қосылғанына екі жыл болған. Осы уақыт ішінде ол жарыстарға қатысып, тәжірибе жинап, футболдағы шеберлігін шыңдап келеді.

Жас футболшының спорттағы жолы енді ғана қалыптасып келеді. Тұрақты жаттығу, еңбекқорлық пен жарыс тәжірибесі оның алдағы уақытта шеберлігін арттыруына мүмкіндік береді. Сержан үшін әрбір ойын — тәжірибе жинап, жаңа белестерге ұмтылуға жасалған қадам.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Бекболат Назерке


Ұқсас тақырыптар

Бекболат Назерке
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)