“Оқушылық өмірден ғарышқа сапар : жас инженерлердің үлкен жобасы”

 

 

Жас мамандардың жолы 2019 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебінен басталған. Он жеті оқушы бірігу  барасында 2022 жылы “NIS Space” зертханасында ғажайып спутниктің құрылуына үлкен талпыныс жасады. Бұл жолға  он екінші сынып оқушысы Наджмудин Әдіханов та атсалысып, өзі өткен жолдармен және  тәжірибилерімен бөліскен.

 

« Бұл идея алғашында 2020 жылы пайда болды, бірақ спутник бойынша жұмыс 2022 жылы басталды. Әріптестермен және профессорлармен бірге біз электронды платформа, 3D-модельдеу және жалпы аэромеханика бойынша ауқымды дизайн жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз Ұлттық  ғарыш орталығында құрастыру және техникалық сынақтарды аяқтадық: ғарыштық ортаны имитациялау үшін термовакуумдық камера, оның беріктігін тексеру үшін электрлік діріл және соққы сынақтары және басқа да көптеген сынақтар жүргізілді», - деді Наджмудин Әдіханов.

 

Жас маманың сөзі бойынша Қазақстан Ғарыш Сапары профессорларымен және әріптестерімен жұмыс барысында Наджмудин 3D-модельдеуді әрі аэромеханиканың құрастырылу жолдарын толықтай ұғып алған. Сонымен қатар спутникке толық есімі ұсынылған NIS PocketQube, бұл спутник  Falcon9 ғарыш кемесіне орнатылған, ал 2026 жылы 1 қазан айы америкалық “SpaceX” компаниясының Falcon9 зымыранымен ғарышқа жіберілді.

 

Жобаға қатысқан оқушылардың нәтижесінде үлкен тәжірибе жинағанына, сонымен қатар сапалы  білім алғанына разы болды. 

 


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)