Ламин Ямаль — Испания құрамасы мен «Барселона» клубының шабуылшысы. 2007 жылғы 13 шілдеде дүниеге келген футболшы жасына қарамастан, әлемдік футболда өзін мойындатып үлгерді. Оның алаңдағы жылдамдығы, допты игеру шеберлігі мен нәтижелі ойыны жанкүйерлер мен мамандардың назарын аударып келеді. Ямаль «Барселонаның» негізгі құрамында 2023 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол клубтың әйгілі 10-нөмірлі жейдесін киеді. Жас футболшы 2023/24 жылғы маусымда негізгі құрамның тұрақты ойыншысына айналып, бірқатар рекорд орнатты. (ФК Барселона). 2024 жылы Ямаль Испания құрамасымен бірге Еуропа чемпионатын жеңіп алды. Ол турнирдің ең үздік жас ойыншысы атанып, финалға дейінгі жолда командасына маңызды үлес қосты. Сол жылы футболшыға 21 жасқа дейінгі үздік ойыншыға берілетін Kopa Trophy жүлдесі табысталды. 2025 жылы да осы марапатты иеленіп, қатарынан екі рет жеңімпаз атанды. Ал 2025 жылғы «Алтын доп» дауыс беруінде екінші орынға ие болды. (UEFA.com)
2026/27 жылғы маусымда да Ямаль нәтижелі ойынымен көзге түсіп жүр. «Барселонаның» ресми мәліметіне сәйкес, 21 қазандағы жағдай бойынша ол маусымның алғашқы 12 ойынында 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіш оны Еуропаның бес жетекші лигасындағы нәтижелі әрекеттер саны бойынша алдыңғы орынға шығарды. (ФК Барселона) Ламин Ямальдың жетістіктері жас футболшылар үшін үлкен мүмкіндік бар екенін көрсетеді. Оның мансабы әлі жалғасып жатыр. Сондықтан алдағы жылдары қандай белестерді бағындыратынын футбол жанкүйерлері қызығушылықпен күтеді.
«Journiverse» халықаралық журналистика мектебінің оқушысы Шырынхан Аружан

-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі