Сержан Бекболат: «Ұшақ» атанған жас футболшы

  Сержан Бекболат — футболға жастайынан қызығып, бүгінде алаңда өз шеберлігін шыңдап жүрген жас ойыншы. Ол «Ақшұқыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) U-15 командасында өнер көрсетеді. Жылдамдығы мен ойын кезіндегі белсенділігінің арқасында команда ішінде «Ұшақ» деген лақап атқа ие болған.

Сержанның футболдағы жетістіктерінің қатарында республикалық жарыстардағы нәтижелері ерекше орын алады. Ол «Ақшұқыр» командасының құрамында Қазақстан чемпионатының U-13 санатында чемпион атанған. Сонымен қатар ауыл командалары қатысқан жарыста 17 облыстан келген спортшылар арасынан топ жарып, жеңімпаз болған. Жас футболшының айтуынша, команда сапында өнер көрсеткеніне екі жыл болғанына қарамастан, ол бірқатар маңызды белесті бағындырған. Сержан қатысқан жарыстардың тағы бірінде командасы «Астана» ұжымын 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алған. Ал Қазақстан чемпионатында U-15 санатындағы жасөспірімдер арасында бесінші орын иеленген. Бұған қоса, ол түрлі топтық жарыстарда он рет чемпион атанған.

Жас футболшының жетістіктері — тұрақты дайындық пен тәжірибе жинаудың нәтижесі. Әр жарыс оның алаңдағы қабілетін шыңдап, командалық ойынға бейімделуіне мүмкіндік береді. Алдағы уақытта Сержан шеберлігін жетілдіріп, жаңа белестерді бағындыруға ұмтылады. Сержан Бекболаттың футболдағы жолы енді басталды. Жас ойыншының мақсаты — тәжірибе жинап, жоғары деңгейдегі жарыстарда өнер көрсету. Оның алдағы жетістіктері табандылығы мен футболға деген қызығушылығына байланысты болмақ.

«Journiverse» халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Бекболат Назерке


Ұқсас тақырыптар

Бекболат Назерке
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)