Ағайынды Абэ: бір күнде екі әлем чемпионы

Жапониялық дзюдошылар Ута Абэ мен Хифуми Абэ әлемдік спорт тарихындағы ерекше жетістіктерімен жанкүйерлерді тағы да тәнті етті. 2026 жылғы 5 қазанда Әзербайжан астанасы Бакуде өткен дзюдодан әлем чемпионатында ағайынды спортшылар бір күнде алтын медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже олардың жеке шеберлігін ғана емес, халықаралық аренадағы тұрақтылығын да көрсетті. Ута Абэ — әлемнің алты дүркін чемпионы. Ол әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақта испаниялық Ариане Торо Солерді жеңіп, мансабындағы алтыншы әлем чемпионатының алтынын иеленді. Бұған дейін Ута 2018, 2019, 2022, 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанған. 2026 жылғы жеңісі оның осы жетістігін жалғастырды. 

Хифуми Абэ 66 келіге дейінгі салмақта бесінші рет әлем чемпионы атанды. Ол финалда Испания өкілі Давид Гарсия Торнені жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Хифуми бұған дейін 2017, 2018, 2022 және 2023 жылдары әлем чемпионатында топ жарған еді. Осылайша, Бакудегі жеңісі оның әлемдік біріншіліктердегі бесінші алтынына айналды.  Ағайынды Абэлардың мұндай жетістікке алғаш рет қол жеткізіп отырған жоқ. 2021 жылы өткен Токио Олимпиадасында да Ута мен Хифуми бір күнде Олимпиада чемпионы атанған. Сол кезде олар дзюдо тарихындағы есте қаларлық оқиғалардың біріне айналған ортақ жеңісін атап өтті. 

Ута мен Хифумидің жетістігі — ұзақ жылғы дайындықтың, табандылық пен жоғары спорттық шеберліктің нәтижесі. Олардың халықаралық жарыстардағы жеңістері жапон дзюдосының беделін нығайтып қана қоймай, жас спортшыларға да үлгі болып отыр.

«Journiverse» халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Бексеит Ұлбосын


Ұқсас тақырыптар

Бексеит Ұлбосын
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)