Қазақстандықтар интернетте: экранға байланған өмір

Бүгінде интернет күнделікті тіршілігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ақпарат іздеу, білім алу, жаңалық оқу, жұмыс істеу және жақындарымызбен байланысу сияқты көптеген әрекет интернет арқылы жүзеге асады. Қазақстандағы цифрлық ортаның ауқымы да желінің қоғам өміріндегі орнын айқын көрсетеді. DataReportal ұйымының Digital 2026: Kazakhstan есебіне сәйкес, 2025 жылдың қазан айында Қазақстанда 19,5 миллион интернет пайдаланушы болған. Бұл ел халқының 93,4 пайызына тең. Есепте шамамен 1,38 миллион адамның интернетті пайдаланбағаны көрсетілген. Демек, халықтың басым бөлігі цифрлық кеңістікке қосылғанымен, интернеттен тыс қалған тұрғындар да бар. 

Әлеуметтік желілердегі пайдаланушы сәйкестендірулерінің саны 16,9 миллионға жеткен. Бұл Қазақстан халқының 80,8 пайызына тең. DataReportal мәліметінше, көрсеткіш 2024 жылдың соңы мен 2025 жылдың соңы аралығында 1,9 миллионға, яғни 12,4 пайызға өскен. Алайда бұл санды әлеуметтік желілерді пайдаланатын бірегей адамдардың нақты саны деп қабылдауға болмайды, өйткені бір адамның бірнеше аккаунты болуы мүмкін. 

Бұл көрсеткіштер Қазақстанның цифрлық кеңістікте белсенді екенін аңғартады. Интернет ақпарат алуға, білімін жетілдіруге, жұмыс істеуге және адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге цифрлық ортаны саналы пайдалану да маңызды. Экран алдында өткізген уақытты тиімді ұйымдастыру, ақпараттың сенімділігін тексеру және онлайн өмір мен күнделікті тіршілік арасындағы тепе-теңдікті сақтау — әр пайдаланушы ескеруге тиіс дағдылар.

 «Journiverse» халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Бексеит Ұлбосын


Ұқсас тақырыптар

Бексеит Ұлбосын
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)