Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақ қызының сұлулығы мен өнерін ұлықтайтын «Қазақ аруы – 2026» байқауы өз мәресіне жетті. Биыл еліміздің әр өңірінен іріктелген 22 ару бас жүлде үшін бақ сынады.
Байқау 3 қараша күні сағат 19:00-де Алматы қаласындағы Республика сарайында өтті. Жанкүйерлер қатысушыларға онлайн форматта дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Биылғы байқаудың басты ерекшелігі – «Қыз Жібек» фильмінің көркемдік мұрасына арналуы. Қатысушылар фильмдегі кейіпкерлердің бейнесін жаңғыртып, ұлттық киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Осы арқылы қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлі өнері дәріптелді.
Байқау қорытындысы бойынша Алматы өңірінің өкілі, №2 қатысушы Асылым Өтепберген «Қазақ аруы-2026» атағының иегері атанды. Ол көрерменнің қолдауына ие болып, ең көп дауыс жинап, жеңіс тұғырынан көрінді.
«Journiverse» халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Амирбекова Аружан

Аружан молодец ❤️❤️❤️
Вааааууу😍😍