Күміс жүлдегер Ерболат Алтаевты жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды

    Бүгін әуежайда V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері Ерболат Алтаев пен оның бапкері Құралбек Сейидовті жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды.

2026 жылғы 18–24 қазан аралығында Жапонияның Айти–Нагоя өңірінде өткен жарыста отырып ойнайтын волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы финалға дейін жетті. Шешуші кездесуде қазақстандық спортшылар Иран құрамасымен күш сынасып, 0:3 есебімен жеңіліп, турнирді күміс жүлдемен аяқтады.

Ал жартылай финалда ұлттық құрама Ирак командасын 3:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарының күміс жүлдесін қатарынан екінші рет иеленді.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Бекболат Назерке 


Ұқсас тақырыптар

Бекболат Назерке
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)