Ақпарат көп, білім аз: қазіргі қоғамның парадоксы

    Қазіргі қоғамда ақпарат алу бұрынғыдан әлдеқайда оңай. Интернет пен әлеуметтік желілер арқылы адам күн сайын орасан зор мәлімет ағынына тап болады. Калифорния университетінің Жаһандық ақпараттық индустрия орталығы жүргізген Роджер Бон мен Джеймс Шорттың «How MuchInformation?» зерттеуінде 2008 жылы америкалық тұтынушы күніне орта есеппен 34 гигабайт ақпарат тұтынатыны есептелген.

Одан бөлек Қазақстанда да әлеуметтік желілердің ықпалы артып келеді. Статистикалық деректер бойынша, TikTok аудиториясы 16,9 млн-ға, Instagram аудиториясы 13,1 млн-ға жеткен. Бұл көрсеткіштер әлеуметтікплатформалардың күнделікті өмірдегі орнын айқындайды. Алайда ақпараттың көп болуы адамның білімді екенін білдірмейді. Себебіадам дайын ақпарат үйреніп алғаны сонша, әр тапсырма үшін, тіптіқарапайым сұрақтар үшін жасанды интеллектті қолданады. Бұл – адамның –өз ақылымен жұмыс істеуіне ең басты кедергі. Оны тиімді пайдалану керек. Нағыз білім — мәліметті түсіну, саралау, сыни ойлау және оны өмірде тиімді қолдану. Демек, бүгінгі қоғамға ақпаратты көп жинайтын емес, оны білімгеайналдыра алатын тұлға қажет.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Буркитхан Жанмарал


Ұқсас тақырыптар

Буркитхан Жанмарал
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)