Қазақ тарихында елінің азаттығын аңсап, ұлттың болашағы үшін күрескен Алаш зиялыларының тағдыры — саяси қуғын-сүргіннің ең ауыр беттерінің бірі. ХХ ғасырдың басында олар қазақ халқының ұлттық санасын оятып, мемлекеттілігін қалпына келтіруді мақсат етті. Алайда ұлтқа қызмет еткен азаматтардың өздері кейін «халық жауы» деген жалған айыппен қудаланды. 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылып, Алаш автономиясы жарияланды. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған қайраткерлер ұлттық тәуелсіздік, білім, тіл және мәдениет үшін күресті. Олар қазақтың болашағын білімді ұрпақпен байланыстырды. Бірақ олардың арманына жету жолы қуғын-сүргінмен үзілді.
1937–1938 жылдары көптеген қазақ зиялылары атылып, түрмеге қамалды немесе айдауға жіберілді. Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы секілді тұлғалар жазықсыз айыпталды. Олардың отбасы мүшелері де қуғынға ұшырады. 1938 жылы құрылған АЛЖИР лагерінде жазықсыз әйелдер мен балалар ауыр тағдырды бастан өткерді.
Ең ащы шындық — елінің ертеңін ойлаған азаматтардың өздері сол елдің жауы ретінде көрсетілді. Кейін қуғын-сүргін құрбандарының бірқатары ақталды. Бірақ жоғалған өмірлер мен үзілген тағдырларды ешбір шешім қайтара алмайды. Бүгінгі жастар Алаш арыстарының тарихын білуі керек. Өйткені тәуелсіздік — өздігінен келген сый емес. Оның артында ұлт үшін күрескен, арманына жете алмай кеткен азаматтардың тағдыры тұр. Олардың есімін ұмыту — тарихтың қасіретін ұмыту. Ал тарихын ұмытқан ұрпақ өткеннің қателігін қайталау қаупінен ешқашан толық арылмайды.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Сүлеймен Нұрайлым

-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі