Музыка шегараны бұза алама? BTS феномені

    2013 жылы Оңтүстік Кореяда Big Hit Entertainment компаниясының қолдауымен BTS музыкалық тобы дебют жасады. Бастапқыда үлкен танымалдыққа ие болмаған жеті мүшелі топ өзіндік шығармашылығы мен әлеуметтік желідегі белсенділігі арқылы тыңдармандар санын арттырды.Олардың әндерінде жастардың арманы, өзін-өзі қабылдау, жалғыздық пен қоғам мәселелері қозғалды.Әлемнің әртүрлі елдеріндегі жанкүйерлерді біріктірген ARMY қауымдастығы да топтың танымал болуына үлкен үлес қосты.

2018 жылы BTS-тің «Love Yourself: Tear» альбомы Billboard 200 чартында бірінші орынға шыққан алғашқы K-pop альбомы болды.Ал 2020 жылы «Dynamite» әні Billboard Hot 100 рейтингінде бірінші орын иеленді.Кейін «Butter» және «Permission to Dance» әндері де халықаралық рейтингтерде жоғары нәтижелер көрсетті.

 2018 жылы топ мүшелері БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы іс-шарада сөз сөйлеп,жастарды өздерін қабылдауға шақырды.2021 жылы олар БҰҰ-ның арнайы өкілдері ретінде 76-шы Бас Ассамблеяға қатысты. Сонымен қатар BTS 2020 жылы «Dynamite» әні үшін Grammy сыйлығына ұсынылған алғашқы K-pop тобы болды.Бірақ 2026 жылғы 29 шілдеде BTS тобы 2027 жылғы Grammy марапаттарына өз музыкаларын ұсынбайтынын мәлімдеді. Бұл шешім Recording Academy ұйымының «Best Asian Pop Music Performance»атты жаңа номинация енгізуінен кейін жарияланды. Топ мүшелерінің сөзі бойынша: «Біздің музыкамыз аймаққа немесе тілге бөлінбей,өз болмысымен тыңдалып, бағаланса екен дейміз».  BTS тобы:«No matter who you are,where you're from,speak yourself.» дәйек сөзін қаншама жылдар бойы ұстанып келеді.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Кенес Зере

 


Ұқсас тақырыптар

Кенес Зере
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)