Қазіргі жастар цифрлық төлемдерді белсенді қолданғанымен, жеке қаржыны басқару мәселесі әлі де өзекті. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2025 жылғы зерттеуіне сәйкес, елдегі жалпы халықтың қаржылық сауаттылық индексі 41,5%-ды құраған.
Зерттеу нәтижесінде жастардың қаржыны есепке алу дағдыларына қатысты да бірқатар көрсеткіш анықталған. Сауалнамаға қатысқан жастардың 49,2%-ы жеке қаржылық есебін мүлде жүргізбейтінін айтқан. Ал 18,4%-ы кірісі мен шығысын бақылау үшін мобильді қосымшаларды пайдаланады.
Бұл деректер жастардың цифрлық құралдарды қолдануы жеке қаржыны жүйелі басқару дағдысымен әрдайым ұштаса бермейтінін көрсетеді. Ақшаны табу ғана емес, оны орынды жұмсау, кіріс пен шығысты есептеу және жинақ қалыптастыру да маңызды. Сондықтан қаржылық сауаттылықты ерте жастан үйретудің маңызы зор. Отбасында және мектеп қабырғасында қаржыны дұрыс басқару дағдыларын қалыптастыру – болашақта экономикалық тұрғыдан жауапты әрі дербес ұрпақ тәрбиелеудің маңызды қадамдарының бірі.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Айым Әділжанқызы

-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі